Баянауылда өрт кезінде әйел адамды күйік шалды

Баянауылда өрт кезінде әйел адамды күйік шалды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Зардап шеккен тұрғын ауруханаға жатқызудан бас тартқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 сәуір күні сағат 11:00-де «101» пультіне Баянауыл ауылында Жарылғап  көшесі, 38 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Өрт сөндірушілер келгенге дейін үй иесі – 1967 жылы туған әйел  адамды күйік шалған. 103 медициналық қызметімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң аудандық ауруханаға жеткізілген, алайда ауыл тұрғыны ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

– Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері шақыру орнына келгенде саман мен қамыстан салынған  жеке меншік үйдің аумағында жалпы ауданы 28 шаршы метр үй заттары, жиһаздар, ағаш есіктер жанғанын анықтады. Бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Д. Ыбыраев 27 литрден екі газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды, – дейді департаментте. 

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД жеке құрамынан 6 адам мен үш техника  тартылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өрт сағат сағат 12:10-да жойылды.