Павлодар облысында жаздың соңғы аптасы жаңбырлы болады

Павлодар облысында жаздың соңғы аптасы жаңбырлы болады
Фото: pexels.com

Ауа температурасы жылы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидромет РМК-ның мәліметінше, 27 тамызда күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +9...+14°С, ал күндіз +16...+21°С-ты көрсетеді. 

28 тамызда да жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +17...+22 °С жылы болады. 

29 тамызда жаңбыр жаумайды. Сынап бағанасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +18...+23°С-ты көрсетеді. 

30 тамызда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +11...+16°С, ал түнде +17...+22°С жылы болмақ.

Сенбіде де жауын-шашын күтіледі. Сынап бағанасы түнде +11...+16°С, ал күндіз +16...+21°С-ты көрсетеді. 

Күздің алғашқы күнінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +11...+16°С жылы болады.