Павлодар облысында мас такси жүргізушілері адам тасымалдаған
Барлық мас жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тек бір тәуліктің ішінде төрт такси жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізген, клиенттерді тасымалдау кезінде 20 адам ұялы телефонмен сөйлескен.
– Кейбір тасымалдаушылар жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамады, маневр жасау ережелерін бұзды, міндетті сақтандыруды ресімдемеді, ал жеті такси жүргізушісі техникалық тексеруден өтпеген автомобильдерде жолаушыларға қызмет көрсетті, – деп хабарлады департаментте.
Екібастұзда Энергетиктер көшесінде «Mercedes-benzc 200» жүргізушісі мас күйінде InDriver платформасында жеке тасымалдаумен айналысқан. Павлодарда такси жүргізушісі ВАЗ-21120 маркалы автокөлікпен клиенттерді тасымалдаған.
Материалдар сотқа жіберілді. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.