Павлодарда зорлаушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Павлодарда зорлаушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: pexels.com / RDNE Stock project

Оның жасаған қылмысы аса ауыр санатқа жатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты үкім мамандандырылған ауданаралық сотта шығарылды. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі – «Зорлау» бойынша қаралды. Бұл бап бойынша жаза түрі бір – өмір бойына бас бостандығынан айыру.

Сот отырысы жабық түрде өтті. Тергеу барысында ер адамның қыздың дәрменсіз күйін пайдаланып, қылмыс жасағаны анықталды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтары және сараптамалық қорытындылармен дәлелденді.

Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жазасын ол қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.