Павлодар облысында мереке күндері ыстық ауа райы күтіледі

Павлодар облысында мереке күндері ыстық ауа райы күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Осы апта тұманды болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 7 мамырда сынап бағанасы түнде +2...+7°С, күндіз +15...+20°С-ты көрсетеді. 

8 мамырда тұманды болады. Ауа температурасы түнде +4...+9°С, ал күндіз +17...+22°С-қа дейін жылынады. 

9 мамырда жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде +7...+12°С, күндіз +21...+26°С-ты көрсетеді. 

10 мамырда облыстың көп бөлігінде жаңбыр жауады. Ауа райы түнде +10...+15°С, ал күндіз +17...+22°С, ал облыстың көп бөлігінде +25°С ыстық болады. 

Сенбіде күн күркірейді. Сынап бағанасы түнде +7...+12°С, ал күндіз +15...+20°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.

Жексенбіде жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +18...+23°С-қа дейін жылынады.