Павлодар облысында мешіт қызметкерлерінің күзгі семинарын Ерсін Әміре бастады
Іс-шараға өңірдегі мешіттерге қарасты барлық дін қызметкерлері қатысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, мүфтияттың оқу-ағарту бағытының талабына сай Павлодар облысы өкілдігінің күзгі семинарлары басталды.
Жиындар Павлодар ауылындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің жанындағы «Қасым қажы» мешітінде өтуде.
Алғашқы кездесу ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі уағызшы, жас ғалым Ерсін Әміре мырзаның лекциясымен басталды, қазіргі өзекті мәселелер көтеріліп, сұрақ-жауаптармен аяқталды.
Семинар әрі қарай Құран, тәжуид, ақида, дін мен дәстүр бағыттары бойынша жалғасын табатын болады.