Павлодарда оңалту орталықтарын қаржыландыру мәселесі шешімін таппақ
ҚР Мәжіліс депутаты Динара Наумова республика бойынша жұмыс сапарын Павлодар облысынан бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ол мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының жұмысымен танысу үшін Торайғыров көшесі, 46 мекенжайындағы мекемеге барды. Орталық 25 желтоқсанда «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ашылған болатын.
– Мекеме барлық стандарттарға сәйкес келеді. Мен ата-аналар мен ұжыммен сөйлестім. Ата-аналар қауымы риза, өйткені оңалтудың нормаларына сәйкес келетін көптеген қызметтері бар, – деді Динара Наумова.
Орталық қызметкерлерінен мәселелердің бірі – озық жабдық пен қызметкерлердің барына қарамастан қаржыландырудың жетіспеушілігі туралы білді.
– Бұл – тек Павлодар облысында ғана емес, жалпы елдегі бар проблема. Бюджет тапшылығы деп айтуға болады. Біз бұл сұрақты пысықтаймыз. Осындай сапарлар мәселелерді анықтап, жұмысқа алу үшін ұйымдастырылады, – деді Динара Наумова.
Депутаттың айтуынша, мұндай проблемаларды шешудің оң мысалдары көп. Бұған дейін Павлодар облысында оңалту орталықтарына қаржы іздеуге көмек көрсетілді.
– Тәжірибе бар. Ең бастысы – оны жалғастыру, – дейді Динара Наумова.
Динара Наумова барлық деңгейдегі әкімдіктермен және басқа да мемлекеттік органдармен жұмысты күшейтуге ниетті.