Павлодарда шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған шетел азаматы ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған шет ел азаматын ұстады. Сонымен қатар, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар күдікпен екі азамат қолға түсірілді.
– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – деді департаментте.
Шекара қызметі тергеу мүддесіне байланысты, өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін айтты.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны бұзуға және оныұйымдастыруға ұмтылған азаматтар заң алдында қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертті.