Павлодар облысында Наурыз мейрамында күн жылы болады
Аздаған қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 19 наурызда жаңбыр аралас қар жауады. Ауа температурасы түнде -3...-8°С, күндіз 0...+5°С болады.
20 наурызда сынап бағанасы түнде 0...-5°С, күндіз -3...+2°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 метрге дейін жетеді.
21 наурызда облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған қар, көктайғақ болады. Сынап бағанасы түнде 0...-5°С, күндіз -4...+1°С болады.
22 наурыз күні боран соғады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде -5...-10°С, облыстың солтүстігінде -13°С, күндіз 0...-5°С, солтүстігінде -8°С-қа дейін төмендейді.
23 наурызда жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжануда. Сынап бағанасы түнде -7...-12°С, ал күндіз -2...+3°С-ты көрсетеді.
24 наурыз күні де жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде -4...-9°С болса, күндіз +2...+7°С-қа дейін жылынады.