Павлодар облысында осы апта жаңбырлы болмақ

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 20 мамырда жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +20...+25°С-ты көрсетеді.
21 мамырда да жаңбыр болмайды. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +22...+27°С-қа дейін көтеріледі.
22 мамырда күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +11...+16°С, ал күндіз +25...+30°С-ты көрсетеді.
23 мамырда жаңбыр, найзағай, күндіз облысының солтүстігінде бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +20...+25°С-қа дейін жылынады.
Сенбіде күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Сынап бағанасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +17...+22°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде де жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +6...+11°С, ал күндіз +15...+20°С-қа дейін жылынады.