Павлодар облысында осы аптада аяздың беті қайтып, күн жылынады

Павлодар облысында осы аптада аяздың беті қайтып, күн жылынады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 22 қаңтарда күндіз -12...-17°С болады. 

23 қаңтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде -18...-23°С, ал күндіз  -12...-17°С –ты көрсетеді. 

24 қаңтарда түнде тұман түседі. Түнде ауа райы -15...-20°С болса, күндіз -8...-13°С болады.

25 қаңтарда облыстың көп бөлігінде аздап қар жауады. Сынап бағанасы -15...-20°С болса, күндіз -5...-10°С жылы болады.

26 қаңтар күні аздаған қар жауып, тұман түседі. Түнде -12...-17°С, ал күндіз -5...-10°С, ал облыстың оңтүстігінде -2°С-қа дейін жылы болады.

Сенбіде облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауады. Сынап бағанасы түнде -6...-11°С көрсетсе, күндіз -2...-7°С-ты көрсетеді. 

Жексенбіде қар жауады деп болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге дейін соғады. Түнде ауа температурасы -11...-16°С, ал түнде -7...-12°С болады.