Павлодар облысында осы аптада жауын-шашын күтілмейді
Орташа ауа температурасы +3...+8°С құрайтын болады, деп хабарлайы @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 6 қараша күні желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.
7 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы болады. Сынап бағанасы түнде -3...-8°С-ты көрсетсе, күндіз +3...+8°С дейін жылынады.
8 қараша күні де жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде -1...-6°С-қа дейін түссе, күндіз +5...+10°С-қа дейін көтеріледі.
9 қарашада облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Түнде 0...-5°С, ал күндіз +5...+10°С жылы болады.
10 қараша күні аздаған жаңбыр жауады деп болжануда. Сынап бағанасы түнде -2...+3°С, ал күндіз +2...+7°С-ты көрсетеді.
Сенбіде қар аралас жаңбыр жауу мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2...+3°С болса, күндіз +3...+8°С-қа дейін жылынады.
Жексенбіде де жаңбыр мен қар жауатын болады. Сынап бағанасы түнде -2...+3°С-ты көрсетсе, күндіз +5...+10°С-қа дейін көтеріледі.