Павлодар облысында патриоттық әндер байқауы жарияланды

Павлодар облысында патриоттық әндер байқауы жарияланды
Фото: pexels.com

Оған 14-35 жас аралығында павлодарлықтар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы «MODERN TOLQYN» облыстық патриоттық әндер байқауын ұйымдастырады. 

– Қатысушы Қазақстанға деген сүйіспеншілік пен мақтанышты бейнелейтін патриоттық әнді таңдауы керек. Композиция Халықтық немесе заманауи болуы мүмкін және патриоттық тақырыпты қолдауы керек, – делінген хабарламада. – Әртістік, харизма, аудиториямен өзара іс-қимыл, сахналық образ ескеріледі.

Патриоттық әндер байқауы үш кезеңнен тұрады. 17 қазанда іріктеу кезеңінде финалистер анықталып, екінші кезеңге бес қатысушы өтеді. Үшінші кезеңде олар өзара сайысқа түсіп, «Modern tolqyn» байқауының жеңімпаздары анықталады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.  

Қатысуға өтінімді «Modern tolqyn» белгісімен kgu_crmi@mail.ru электрондық мекенжайға жіберу қажет. Конкурс туралы толық ақпарат 66-12-45, 8-705-811-83-22 телефоны бойынша анықтап білуге болады.