Павлодар облысында полиция автопаркі жаңа автокөліктермен толықты
Көлік кілтін тәртіп сақшыларына аймақ басшысы табыстады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Құлагер» ипподромында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов полицейлерге 215жаңа қызметтік автомашиналардың кілттерін табыстады. Онда JAC, KIA және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктер учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция батальоны мен ротасының инспекторлары, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдері арасында таратылады.
- Өңірде облыстың құқық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін барлық жағдайлар жасалуда. Жаңа көліктердің көпшілігі алғаш рет ауылдық елді мекендерге жіберілетіні көңіл қуантады. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі тұрғындардың сенімі болып табылады. Сондықтан, сіздердің адал еңбектеріңіз бен қызметтеріңізге деген жауапкершіліктеріңіз тұрғындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болуға тиіс, - деді Асайын Байханов.
Полиция автомашиналарын сатып алу "Өнеркәсіпті дамыту қоры"АҚ лизингтік бағдарламасы бойынша жүргізілді. Алынған автомобильдер белгіленген стандарттарға толық сай, қажетті техникалық құралдармен жабдықталған және павлодарлық құқық қорғаушыларға қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарға одан да жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Полицейлер алдында сөз сөйлеген облыс басшысы соңғы жылдары өңірде барлық негізгі бағыттар бойынша қылмыс деңгейін төмендетудің тұрақты үрдісі сақталғанын атап өтті. Ол құқықтық тәртіп сақшылары тәулік бойы азаматтардың мемлекеттің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін, сондықтан полиция қызметкерлері үшін жаңа кілттерді тапсыру қуанышты екенін атап өтті.
Облыстық Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр облыс басшылығына полицияны материалдық-техникалық қамтамасыз етуге көп көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді, бұл өңірдегі жедел жағдайды жақсартуға тікелей әсер етеді. Ол Павлодар полициясы қылмысқа қарсы күресті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктерге ие бола отырып, облыстың әрбір тұрғыны тыныш демалып, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жұмыс істеуі үшін қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша барлық күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.
Іс-шара соңында жарық-дыбыс сигналдары қосылған жаңа автокөліктің салтанатты шеруі өтті.