Павлодарда бірнеше үй жарықсыз қалады

Павлодарда бірнеше үй жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 19 наурызда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда электр қуаты өшіріледі:

Осипенко көшесі, 2, 4, 6, 6/1, 8, 8/1, 8/2, 12, 14 - үйлер;

Катаев көшесі, 55, 57, 59 - үйлер;

Циолковский көшесі,  6, 8 - үйлер;

Чайковский көшесі, 7- үй.