Павлодарда Успен көпірі тағы бір жарым тәулік жабық болады

Павлодарда Успен көпірі тағы бір жарым тәулік жабық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталған аумақта жол жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде хабарлады.

– Успен өткелін асфальттау жөніндегі жұмыстардың жалғасуына байланысты 27 мамыр және 28 мамыр күндері жарты тәулікке жол жабылады. Жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз,  – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодардағы Успен көпірі бойынша қозғалыс 24-26  мамыр аралығында үш күнге жабылатыны хабарланған болатын. Осы уақыт аралығында аталған учаскеде асфальт төселеді.