Павлодар облысында психотроптық заттарды дайындаған үш адам сотталды
Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш азаматқа қатысты 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сондай-ақ жалпы салмағы 91,5 кг психотроптық заттарды өткізу мақсатында дайындағаны және сақтағаны үшін мүліктері тәркіленді.
Жалпы ағымдағы жылы есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымы үшін 23 адам сотталды.
Облыс прокуратурасы есірткі құралдарын дайындағаны, сақтағаны және таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді және жылдам табыс табу мақсатында ғаламторда заңсыз қызметпен айналысу туралы ұсыныстарға келісім бермеуге шақырады.