Павлодар облысында пәтер алаяқтығы бойынша күдікті ұсталды
Ол халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарды алдаған, деп хабарлайды @Pavlodrnews.kz
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы іс-шаралар барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жылжымайтын мүлікті заңсыз қайта ресімдеуге байланысты алаяқтық фактілерін жасады деп күдіктелген облыс орталығының тұрғынын анықтап, ұстады.
– 2021 жылдан 2023 жылға дейін күдікті халықтың әлеуметтік осал топтарынан зардап шеккендерді тауып, иелері ақшалай пайда мен басқа пәтер алуы үшін оларға пәтерді тиімді сатуға уәде берді. Алайда, жылжымайтын мүлікті сатқаннан кейін келісілген соманы қайтармай, оларды үйсіз қалдырған, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Бүгінде ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицияда оннан астам эпизод тіркелген. Күдікті қамауға алынды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР қылмыстық – процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес «Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі».