Ақсу қаласының маңында жолда қалып қойған үш адам құтқарылды
Олар мал іздеуге шыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметнің мәліметінше, Ақсу қаласынан 60 шақырым жерде жолаушылардың жеңіл көліктері бұзылып қалған.
Құтқару операциясы барысында үшеуі де табылып, Қызылжар ауылына жеткізілген. Ер адамдардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
ТЖМ шалғай аудандарға барар алдында автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп, ауа райының жағдайын ескеріп, жақындарына қозғалыс бағыты туралы міндетті түрде хабарлау қажет екенін еске салады.