Павлодар облысында шетелдіктер ақбөкен мүйіздерін шекарадан өткізбек болған
Браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Polisia.kz ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, өткен жылдың 24 желтоқсанында Павлодар облысында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарада екі адамнан тұратын браконьерлердің екінші тобы ұсталды. Олардың бірі — шетел азаматы. Аталған тұлғалар мемлекеттік шекара арқылы 1 882 ақбөкен мүйізін контрабандалық жолмен алып өтпек болған. Заңсыз жүк көлігінің арнайы жабдықталған жасырын орнына алдын ала жасырылған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.