Павлодарда 1 сәуірден бастап су бағасы көтеріледі

Павлодарда 1 сәуірден бастап су бағасы көтеріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа тариф жыл соңына дейін күшінде болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2025 жылдың 1 сәуірінен 31 желтоқсанына дейін «Павлодар-Водоканал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сумен жабдықтау және су бұру үшін жаңа тарифті енгізеді.

Енді ауыз сумен жабдықтаудың орташа тарифі – 213 теңге, техникалық сумен жабдықтау – 138 теңге, ал ағынды суларды бұру мен тазартудың құны 132 теңге болады.

Еске салайық, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысымен өткен брифингте Нұрлан Нұрмұратов желілердің тозуын азайту үшін жөндеу жұмыстарына кететін шығындарға байланысты тарифтер көтеріліп жатқанын айтқан болатын.