Павлодар облысында суға батып кеткен ер адамның денесі табылды

Павлодар облысында суға батып кеткен ер адамның денесі табылды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Қайғылы оқиға Қаныш Сәтбаев атындағы каналда орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 7 тамызда аталмыш департаменттің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қаныш Сәтбаев атындағы каналда іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтады.

Құтқарушылар екі бірлік техниканы тарта отырып, 1987 жылы туған ер адамның мәйітін судан алып шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға бүгін шомылуға тыйым салынған жерде суға түсу кезінде болған.

- Қаныш Сәтбаев атындағы канал – техникалық гидротехникалық нысан. Онда шомылуға қатаң тыйым салынады,- делінген хабарламада.

Павлодар облысының құтқарушылары шомылуға тыйым салынған орындарда суға түсу адам өміріне үлкен қауіп төндіретінін ескертеді. Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік қағидаларын сақтауға, тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана демалуға және шомылуға арналмаған жерлерге суға түспеуге шақырады.