Павлодар облысы электр энергия бағасы жоғары үш өңірдің қатарында

Павлодар облысы электр энергия бағасы жоғары үш өңірдің қатарында
Фото: Константин Шелков

Аймақ елімізде электр энергиясын өндіру бойынша көшбасшы болып қала береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Еnergyprom.kz сараптамалық порталының хабарлауынша, Қазақстанда бір жыл ішінде 2023 жылдың сәуірімен салыстырғанда жеке тұлғалар үшін электр энергиясы орта есеппен 29%-ға қымбаттады. Ал Павлодар облысында 48,5%-ға өсті. 

Жылдық динамикада электр энергиясы бағасының ең жоғары өсуі Ақтөбе (69,2%-ға), Атырау (68,2%-ға), Павлодар (48,5%-ға) облыстарында тіркелді. Елордада жыл сайынғы ең төмен баға 7,6%-ға белгіленді. Тек Ұлытау облысында тарифтер өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.  

Бұл ретте Павлодар облысы дәстүрлі түрде елімізде электр энергиясын өндіру бойынша көшбасшы болып қала береді. Осы жылдың бірінші тоқсанында республикада өндірілген 32,1 млрд кВт/сағ электр энергияның 13,9 млрд кВт/сағ Павлодар өңірінде өндірілді.