Павлодар облысында сәуір айы мәдени шараларға толы болады
Өнерсүйер қауым үшін ай бойы түрлі концерттер мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы сәуір айында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған мазмұнды әрі әсерлі мәдени жобалар легін ұсынады.
10 сәуір күні сағат 18:00-де орталықтың «Тоғыз перне» домбыра үйірмесі мен «Майра» дәстүрлі ән мектебінің «Күй күмбірі, ән ғұмыры» атты есеп беру концерті өтеді. Бұл кеште көрермендер ұлттық өнердің терең тамыры мен әуезді ән-күйдің үйлесімін тамашалай алады.
25 сәуірде сағат 13:00-де «Томирис» және «Шаңырақ» үлгілі би ансамбльдері өздерінің есеп беру концертін ұсынады. Би өнерінің сұлулығы мен сахналық шеберлік көрермендерге ерекше әсер сыйлайды.
28 сәуір күні сағат 11:00-де орталық «Дала әуендері» атты семинар-тренинг ұйымдастырады. Қазақ ұлт аспаптар ансамбльдеріне арналған бұл шара Шарбақты ауданында өтіп, өнерпаздардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
Ал 30 сәуірде сағат 19:00-де ерекше музыкалық кеш өтеді. Көрермендер үшін «Шаңырақ сазы» ансамблі, «РУХ» этно-микс және «Кербез» тобы өнер көрсетіп, ұлттық нақыш пен заманауи әуендердің үйлесімін ұсынады.
Сәуір айындағы бұл мәдени жобалар Павлодар өңірінің рухани өмірін жандандырып, өнерсүйер қауымға ерекше көңіл күй сыйламақ. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы шараларды тамашлауға шақырады.