Павлодар облысында төрт мыңнан астам отбасыға әлеуметтік көмек берілді
Бұл отбасылардағы адам саны 17 мыңды құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2023 жылдың басынан бастап атаулы әлеуметтік көмек 4127 аз қамтылған отбасыға тағайындалды. Яғни, 1,6 миллиард теңгеге 17562 адам қамтылып отыр.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет ағымдағы жылы заттай пакеттен 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем түрінде ауыстырылды. Облыс аумағында мұндай төлемді 4982 бала алды.
– Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін облыс бойынша кедейлік шегінің мөлшері ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында облыс бойынша 35855 теңгені құрады, – дейді Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде қосымша ақпаратты Астана көшесі, 59 мекенжайы бойынша орналасқан басқарма мамандарынан кеңес алуға немесе 32 40 99 телефоны арқылы хабарласуға болады.