Павлодар облысында тамыз айында ыстық күндер аз болады

Апта соңына дейін дауыл соғып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 5 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күркірейді. Сынап бағанасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +14...+19°С-ты көрсетеді.
6 тамызда жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +5...+10°С, облыстың оңтүстігінде +13°С, түнде +15...+20°С, оңтүстікте +23°С-қа дейін жылынады.
7 тамызда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Сынап бағанасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +16...+21°С-ты көрсетеді.
8 тамызда да жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +12...+17°С болады.
Сенбіде бұршақ пен жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +17...+22°С болады.
Жексенбіде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +17...+22°С-қа дейін жылынады.