Павлодар облысында Құрылтай сайлауы күні қоғамдық көлікте жүру тегін болады
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аталмыш саяси науқанға орай Павлодар облысының ірі қалаларында қоғамдық көлікте жол жүру тегін ұйымдастырылады.
Павлодар қаласында тұрғындар мен қала қонақтары автобустар мен трамвайларда ақысыз қатынай алады. Бұл күні қоғамдық көлік қызметін пайдалану үшін ешқандай құжат немесе жеңілдікке құқығын растайтын анықтама талап етілмейді.
Екібастұз қаласында да 23 тамыз күні барлық қалалық автобус бағыттарында жол жүру тегін болады. Қала көшелеріне 40 автобус шығарылады. Тегін жол жүру мүмкіндігі барлық тұрғындар мен қала қонақтарына беріледі.
Ал Ақсу қаласында сайлау күні қалалық бағыттарға 23 автобус шығады. Мұнда да барлық жолаушы үшін жол жүру ақысыз болады және ешқандай құжат ұсыну қажет емес.
Осылайша, 23 тамызда Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында қоғамдық көлікпен тегін қатынауға болады.