Павлодарлық Halyq radiosy брендті киімдерін трендке айналдырмақ

Павлодарлық Halyq radiosy брендті киімдерін трендке айналдырмақ
Фото: Константин Шелков

Halyq radiosy Accent ерлер дүкенімен коллаборация жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ерлер дүкенінде жаңа үлгідегі киімдердің салтанатты ашылу кеші өтті. Дүкеннің тұтынушылары мен қонақтары фуршеттен дәм татып, жаңа киімдердің  топтамасын тамашалады.

Біз әріптестермен  Halyq radiosy-ның 85 жылдығына  орай коллаборация жасауды шештік.  Бұл топтамаларды тек сатып алып қана қоймай, сыйға тартуға да болады. Сол арқылы радиомызды жаңғыртып, сақтап қалуымыз керек. Halyq radiosy толқынында болыңыздар, – дейді Ertis media ЖШС директоры Аида Хамзина.

Қазақ тіліндегі сөздер тіркесі жазылған футболкалар мен кепкаларды Accent ерлер дүкенінен сатып алуға болады. Бұл киімдерде Bayannyn balasy, «Павлодерзкий», EST1938, Pavlodar region сынды сөздер жазылған. Басты мақсат – бренд арқылы халық радиосының тыңдармандарының санын көбейту.

Халық радиосының 85 жылдығына орай жаңа киім үлгілерін шығардық. Сондай-ақ, радионың тарихын, қандай өңірлерде тыңдалатынын білсін деген мақсатты ұстандық. Бұл киімдер сатылымда бар, алайда шектеулі көлемде ғана шығарылды. Футболканың төменгі жағында Halyq radiosy сайтына сілтемесі бар QR-код орналасқан, – дейді Accent ерлер дүкенінің директоры Дихан Аманжолов.

Еске сала кетейік, 26 мамыр күні Ertis Promenade сахнасында Halyq radiosy-ның 85 жылдығына орай фестиваль өткізіледі. Кеште Мирас Жүгінісов, Yenleak сынды әншілер мен әзілкеш, жүргізуші Данияр Жұмаділов болады.

 Шараның бас серіктесі - «KAZ MINERALS» тобы

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Pavlodarnews.kz (@pavlodarnews.kz)