Павлодар облысында заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы басталды

Павлодар облысында заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және қару қолданумен жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтарға тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде сыйақы төленеді. Сыйақы мөлшері қарудың түріне байланысты әртүрлі болады:

  • автоматты атыс қаруы – 100 АЕК-ке (393 200 теңгеге) дейін;
  • ұзын ұңғылы атыс қаруы (мылтық, карабин) – 50 АЕК-ке (196 600 теңгеге) дейін;
  • қысқа ұңғылы атыс қаруы (тапанша, револьвер) – 40 АЕК-ке (157 280 теңгеге) дейін;
  • тегіс ұңғылы атыс қаруы – 30 АЕК-ке (117 960 теңгеге) дейін;
  • травматикалық тапанша/револьвер – 10 АЕК-ке (39 320 теңгеге) дейін;
  • граната, мина, жарылғыш құрылғы, артиллериялық снаряд – 7 АЕК-ке (27 524 теңгеге) дейін
  • жарылғыш заттар (әр 1000 грамм үшін) – 6 АЕК-ке (23 592 теңгеге) дейін;
  • ойық қаруға арналған патрондар (5,6 мм-ден артық калибрлі) – 1/35 АЕК-ке (112 теңгеге) дейін;
  • ойық қаруға арналған патрондар (5,6 мм калибрлі) – 1/115 АЕК-ке (34 теңгеге) дейін.

Сыйақы мөлшері қарудың техникалық жағдайына байланысты да өзгереді:

  • 1-санат (жақсы жағдайда) – құнның 100%;
  • 2-санат (орташа жағдайда) – құнның 70%;
  • 3-санат (нашар жағдайда) – құнның 30%.

Мамандардың қорытындысы бойынша атыс қаруы немесе оқ-дәрі болып табылмайтын заттарға, сондай-ақ «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есебінде тұрған қаруларға сыйақы төленбейді.

Акцияға 3 миллион 72 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген.