Павлодар облысында жәрмеңке өтеді
Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары және Павлодар қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін әкеледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Павлодар қаласында 2024 жылғы 14 желтоқсан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Мекенжайы: Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы).
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл» базарында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.
Мойылды ауылында 15 желтоқсанда сағат 9:00 да мәдениет үйі аумағында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде сиыр, жылқы, құс еті, шұйық өнімдері, сүт өнімдері мен көкөністер нарықтағы бағадан төмен сатылатын болады.