Павлодар облысында жалдамалы пәтерлер анықталады
Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары аулаларды тексеруде, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» жобасын іске асыру шеңберінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіледі.
– Шара барысында халықпен кездесулер өткізіледі, учаскелік полиция инспекторлары азаматтарға құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғаммен ынтымақтастық мақсатында сақтық шаралары туралы хабарлайды. Сондай-ақ, учаскені аралау кезінде тұрғындарды қызықтыратын проблемалық мәселелер көрсетілетін чек-парақтар толтырылады, – дейді департаментте.
Бұдан бөлек, азаматтардың ақпараты бойынша жалдамалы пәтерлер анықталады, кейін келіп түскен мәселелер бойынша шаралар қабылданады.
Полицияның құзыретіне жатпайтын мәселелер шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі және олардың орындалуы бақыланады.