Павлодарда оннан астам көшедегі үйлерде су қысымы төмендейді

Павлодарда оннан астам көшедегі үйлерде су қысымы төмендейді

Оған құбырдағы жөндеу жұмысы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы тұрғыр үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің хабарлауынша жөндеу ертең яғни 25 мамыр күні жүргізіледі.

- Ертең Абай көшесі, 263 мекенжайында диаметрі 50 мм құбырдағы ысырманы ауыстыру жұмысы жүргізіледі. Осыған орай сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін су қысымы төмендейді, - делінген хабарламада.

Су қысымы келесі мекенжайлар бойынша азаяды:

1. Академик Шөкин көшесі
2. Толстой көшесі
3. Мәшһүр Жүсіп көшесі
4. Генерал Дүйсенов көшесі
5. Абай көшесі
6. Торайғыров көшесі
7. Лермонтов көшесі
8. Астана көшесі
9. Академик Бектуров көшесі
10. Набережный көшесі
11. Академик Сәтбаев көшесі
12. Баян батыр көшесі
13. Олжабай батыр көшесі.