Павлодар облысында жаңа мектеп салынбақ

Павлодар облысында жаңа мектеп салынбақ
Фото: Константин Шелков

Жоба келесі жылы қолға алынуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар ауданының Бірлік ауылына барып, ауыл тұрғындарымен жаңа мектептің құрылысын талқылады. Ауыл тұрғындары бұл сұрақты бұрыннан көтеріп келеді, себебі, жыл сайын балалар саны артуда.

Бүгінде ауылда 130 бала тұрады, оның ішінде 94 бала күн сайын Заря мектебіне барып, білім алуда. Мектеп автобусы балаларды апару үшін 4 және алып қайту үшін 4 рейс жасайды. Сондай-ақ, ауыл балалары қосымша үйірмелерге қатыса алмайды.

– Мен ауыл тұрғындарының жаңа мектеп салу туралы идеясын толық қолдаймын. Туған ауылдарында балалардың оқуға, шығармашылықпен және спортпен шұғылдануға мүмкіндіктері болуы керек деп санаймын. Алайда, мұның жылдам болмайтынын ескерттім. Биылғы бюджет бекітіліп қойды. Оны жаңа және қажетті құрылысқа бағыттау, басқа жобаның қаражатын алуды білдіреді. Бұл ауылдардың кірме жолдарын жөндеу, су құбырларын салу немесе жылу желілерін жөндеу болуы мүмкін, – дейді облыс әкімі. 

Биыл барлық қажетті жұмыстар басталмақ. Соның ішінде жобалық-сметалық құжатты әзірлеу, жер бөлу және тағы басқалары. Бұл осы шығындарды келесі жылдың бюджетіне қосуға және жобаны 2025 жылы іске асыруға мүмкіндік береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)