Павлодарда мұнай-химия зауытының өтініштері талқыланады
Қоғамдық тыңдауларға депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары шақырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінің мәліметінше, 11 қазан күні сағат 11:00-де Павлодар мұнай-химия зауытының өтініштері талқыланатын қоғамдық тыңдаулар өтеді.
– Кездесуде бәсекелестік кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну бойынша және маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ бәсекелестік кірме жол болмаған кезде тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру бойынша кәсіпорын қызметтерінің тариф жобасы қаралады, – дейді ұйымдастырушылар.
Көпшілік тыңдаудың өтетін орны – Химкомбинатовская көшесі, 1, акт залы.
Тікелей эфир Департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында жүргізіледі.