Павлодар облысында жаңа жыл түні тыныш өтті
Оқиғаларға жол берілмеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Тәртіп сақшылары жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті.
– Облыс бойынша полицияға 330 шақыру түсті, оның ішінде Павлодар қаласы бойынша – 138. Тұрғындардан келіп түскен барлық шақырулар мен хабарламаларды полиция уақтылы пысықтады. Өңірде жағдай тұрақты болып қалады, – дейді департаментте.
Тәртіп сақшылары 298 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде: 76-і – ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу, 85-і – жол жүру ережелерін бұзу.
Облыс орталығында көптеген павлодарлықтар жаңа жылды орталық шыршаның жанында қарсы алды.
Полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың күшейтілген режимі жалғасуда.