Павлодар облысында жел мектеп пен үйдің шатырын жұлып кетті
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
8 наурыз күнгі сағат 8:00-дегі жағдай бойынша, жылдамдығы 27 м/с дейінгі екпінді желдің нәтижесінде (Қазгидромет деректері бойынша) 2 елді мекенде шатырдың құлауы орын алған.
Сағат 04:15-те Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылындағы мектептің шатыры ішінара бұзылып, 51 ш. м. көлемдегі шатырын жел ұшырып кеткен.
Сағат 06:30-да Павлодар қаласы Катаев көшесі 18 мекенжайындағы 4 қабатты әкімшілік ғимараттың 1440 шаршы метр көлемінде шатыры құлаған.
- Бұнда шатырдың соңғы жөндеу жұмыстары 1980 жылы жүргізілген. 2022 жылғы жөндеу жұмысы аяқталмаған, - деді департаментте.
Сонымен қатар, қатты жел салдарынан 2 ауданда электр қуатының апаттық сөнуі орын алды.
Май ауданында 5 елді мекенде (Баскөл, Кентубек, Майтүбек, Ақжар және ішінара Көктөбе ауылдары) жарық өшті. Абоненттер саны нақтылануда. Апатты жоюға аудандық электр станциясының қызметкерлері (12 адам, 3 бірлік техника) жұмылдырылды.
Аққулы ауданында 16 елді мекенде (Бесқарағай, Жамбыл, Жаңатан, Айтей, Шарбақты, Тосағаш, Жабағылы, Қазы, Малыбай, Қазантай, Майқарағай Мерғалым, шақ, Шоқтал; ішінара Аққулы және Ямышево ауылдарында.) жарық өшті. Абоненттер саны нақтылануда. Апатты жоюға ЛРЭС (10 адам, 2 бірліктехника) жұмылдырылды.
Фото: облыстық ТЖД