Павлодар облысында жылқы сақауына қарсы күрес жүруде
Жануарлардың тең жарымы вакцинациядан өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында өңірдің ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігі талқыланды. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айдар Уәлиев айтып өткендей, эпизоотиялық жағдай тұрақты.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жануарлардың аса қауіпті ауруларының бес ошағы тіркелді: жылқы лимфангиті Екібастұз ауылдық округі мен Баянауыл ауданында ірі қара малдың бруцеллезінің төрт ошағы тіркелді. Сауықтыру шаралары жүргізілуде.
Облыста бруцеллезге 172 мыңнана астам ірі қара мал тексеріліп, 789 ауру мал анықталды. Ұсақ қара малдың 202 мыңынан 54 бас ауру бас белгіленді. Жылқылардың сақау ауруын алдын алу мақсатында 25 миллион теңгеге шамамен 125 мың доза вакцина сатып алынды.
Депутат Амангелді Махамбет ветеринария саласын көбірек қаржыландыру керектігі туралы мәселе көтерді. Оның пікірінше, 125 мың доза сақау ауруын түбегейлі жеңу үшін жеткіліксіз, айтуынша, вакцинаны облыстағы барлық 263 мың жылқыға егу керек.
Бұл мәселені түсіндіру үшін облыс әкімі Асайын Байханов кірісті. Өңір басшысы сақау ауруынан тек жылқының 1-3 жасқа толған жас төлдері ғана егіледі. Бұл уәжді Айдар Уәлиев растады.
- Маңызды тақырып көтеріп жатсыздар: жылқы қазақ үшін қашанда ыстық жануар. Сақау ауруы атам заманнан бар, онымен күреспеу керек деп жатқанымыз жоқ. Бірақ вакцина тек бір мен үш жастағы малға ғана салынады. Сол уақытта ғана иммунитет пайда болады. Егер ветеринария басқармасы қосымша вакцина керек деп өтініш айтса, оны келесі бюджет нақтылауында қарастыруға болады, - деді Асайын Байханов.
Сессия барысында жылқы сақауына қарсы қосымша вакцина сатып алу керектігі туралы ветеринария басқармасынан өтініш жолданбағаны белгілі болды.