Павлодарда саналы скутершілер саны еселеп артты

Павлодарда саналы скутершілер саны еселеп артты
Фото: Marlene Leppänen

Мопедтер мен скутерлерді механикалық көліктерге теңестіретін заңның қолданысқа енгізілгеніне он күннен сәл астам уақыт өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

5 сәуірден бастап аталмыш көлік құралын полицияға тіркеліп, А1, А және В жүргізуші куәлігі болғаннан кейін ғана мінуге болады. Бұл заңды бұзғаны үшін жүргізушіге айыппұл салынады, ал көліктің өзі айып тұрағына айдап қойылады. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин заң күшіне енгеннен бері заң бұзушылықтар санын келтіре алмаса да, скутерді тіркеу статистикасымен таныстырды.

Оның айтуынша, наурыз айының басында олардың саны 200-ге жуық болғанымен, бүгінгі күнге дейін 1 437 мопед пен мотороллер ресми нөмір алған. Жыл соңына дейін екі мыңға жуық көлікті тіркеу жоспарлануда.

Тіркелу үшін техникалық байқауды және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды куәландыратын құжаттарды ұсыну қажет. Өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі арнайы ХҚКО-на электронды түрде хабарласа аласыз, содан кейін техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ақпаратты көрсету керек.

Осыдан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеру, мопедті тіркегені үшін 0,25 АЕК немесе 983 теңге, тіркеу куәлігін бергені үшін 1,25 АЕК немесе 4 915 теңге және мемлекеттік тіркеу нөмірі 1,4 АЕК немесе 5 505 теңге мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.