Екібастұзда директорға шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды

Екібастұзда директорға шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өңірдің жедел қызметкерлері Екібастұз қаласында өңірдің ірі күзет ұйымдарының бірінің директорына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді анықтап, ұстады.

– Күдіктілердің пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 11 миллион теңгеден астам мүлікті иемденгені анықталды. Тінту жүргізу барысында заттай дәлелдемелер алынды, – деді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Қазіргі уақытта одан әрі тергеу жедел іс-шаралары жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.