Павлодар облысында есірткі сатушы жеті жылға сотталды

Павлодар облысында есірткі сатушы жеті жылға сотталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері заң бұзушының ізіне түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Polisia.kz ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, былтыр шілдеде Шідерті ауылында есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысатын ер адам тұратыны анықталды. Аталған  факт тіркеліп, бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін Павлодар станциясындағы желілік полиция бөліміне берілді.

Ер адам соңғы рет біртүрлі иісі бар сұр-жасыл заты бар үш полиэтилен пакетін сатқан болатын. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 11,57 грамм кептірілген марихуана болғаны анықталды.

Ұсталған адамның тұрғылықты жерін тінту барысында сынған шыны ыдыстың сынықтары тәркіленді. Болжам бойынша оның ішінде есірткі болған. Екібастұз қаласының қалалық соты Шідерті кентінің 38 жастағы тұрғынына орташа қауіпсіздік колониясында жеті жылға бас бостандығынан айыру түріндегі үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.