Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан қырық бала зардап шеккен

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан қырық бала зардап шеккен
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Оқыс оқиғалар кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жолдағы балалармен болған барлық жазатайым оқиғалардың басты себебі көлік жүргізушілерінің де, балалардың да жол ережелерін сақтамауы.

- Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 36 фактісі тіркелді. Одан 40 бала түрлі жарақат алды, -делінген хабарламада. 

Тәртіп сақшылары көбіне балалар жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жерден, бағдаршамның тыйым салынған түсінен, жақын жүретін көліктің алдын кесіп өтуінен жол-көлік оқиғасының себепкері болатынын апат өтті. Сондай-ақ велосипедтерді, мопедтерді және мотоциклдерді жүргізу кезінде жол жүру ережелерін бұзу да жиілеген. Осыған орай, ата-аналарға күн сайын балаларға жол ережелерін және жолдан өту кезінде, жолда сергек және мұқият болуды айту ескертіледі.