Павлодар облысында жоспарлы кешенді оқу-жаттығу шаралары өтеді
Іс –шара барысында электросиреналар қосылатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпан күні сағат 10:00-де аймақта жоспарлы кешенді оқу-жаттығу өткізіледі. Аталмыш шара барысында сейсмикалық жаттығу пысықталады.
Оқу-жаттығуды бастамас бұрын қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын анықтау қажет. Ал қауіпсіз орын – ғимараттардан, электр желілер мен үлкен ағаштардан алшақ тұрған ашық алаң болып табылады.
Оқу-жаттығу барысында, электросиреналар қосылып, дыбысты сигналдар білдіреді. Сигналды естіген кезде сабыр сақтап, теледидарды, радионы қосып, нұсқауларды орындау қажет.