Жаңбырлы күндер: Павлодар облысында осы аптада ауа райы қандай болады?
Аптаның алғашқы күндері жаңбыр жиі жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 12 тамызда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, түнде кейде қатты жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +21...+26°С көрсетеді.
13 тамыз күні жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +23...+28°С ыстық болады.
14 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, күндіз +25...+30°С көрсетеді.
15 тамыз күні облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, күндіз +25...+30°С ыстық болады.
16 тамызда жаңбыр, найзағай ойнайды. Ал облыстың шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
Сенбі күні күндіз жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Сынап бағанасы түнде +10...+15°С, күндіз +22...+27°С көрсетеді.
Жексенбіде облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде +10...+15°С, күндіз +22...+27°С ыстық болады.