Астанада алғаш рет аэротаксидің ұшу сынағы көрсетілді
Бұл бағыттың дамуына Президенттің арнайы заңға қол қоюы мүмкіндік берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Астанада алғаш рет аэротаксидің көпшілікке арналған ұшу таныстырылымы өтті. Ұшқышсыз электрлі әуе аппараты спутниктік байланыс арқылы автономды режимде 24 шақырымдық бағытты еңсерді. Сынақ барысын авиация саласының өкілдері, соның ішінде кәсіби ұшқыштар бақылады.
Бұл бағыттың дамуына Мемлекет басшысының 24 маусымда авиация саласына қатысты заңға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қоюы мүмкіндік берді. Аталған түзетулер қалалық әуе мобильділігін (Urban Air Mobility) дамытуға және электрлі тік ұшып-қону аппараттарын (eVTOL) енгізуге құқықтық негіз қалыптастырады.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 2026 жылдың толықтай жаңа технологияны сынақтан өткізуге және оның қауіпсіздігін тексеруге арналатынын хабарлаған болатын. Мамандар әртүрлі маусымдардағы әуе бағыттарын, ауа райы жағдайларын, ұшу биіктігін және климаттық факторлардың әсерін бағалайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram