Майқайың кенішінде ауыр техника төменге түсу үшін жол жасалуда

Майқайың кенішінде ауыр техника төменге түсу үшін жол жасалуда
Фото: ҚР ТЖМ

Оқиға орнына жұмылдырылған адамдардың саны арттырылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстарына 132 адам тартылды.

– Үйінді шеттерінен топырақтың құлауы   жалғасуда. Тартылған құтқарушылардың қауіпсіздігі мақсатында ауыр инженерлік техниканы 150 метрге түсіру үшін арнайы жол жасау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, – дейді департаментте.

Оқиға орнына ТЖМ, КӘАҚҚ РО, жергілікті атқарушы органдар, «Майқайыңалтын» АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 132 адам және 29 техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы технологиялық автожолда жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне автобус құлаған болатын. Шахта аумағында түтін шыққаны туралы хабарламаға КӘАҚҚ РО Павлодар филиалының құтқарушылары шыққан. Автобуста барлығы 4 адам болған.