Аққулыда мотоциклмен аударылған жасөспірім тікұшақпен Павлодарға жеткізілді

2007 және 2008 жылы туған екі жасөспірім мотоциклден құлау салдарынан зардап шеккен, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 маусымға қараған түні болған. Олардың бірі өте ауыр жарақат алды. Баланың бас сүйегінің сынған.
– Бас сүйегінің негізі сынған жасөспірімді тасымалдау үшін медициналық авиация қажет болды. Аудан орталығына медавиация мамандары реанимобильмен келді, бірақ баланы шұғыл және мұқият жеткізу қажет болған соң тікұшақ шақырылды, – деп атап өтті станция бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко.
Екі науқасқа шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін облыстық балалар ауруханасына жатқызу туралы шешім қабылданды.