Павлодар облысында жүйрік тазылар анықталды

Павлодар облысында жүйрік тазылар анықталды
Фото: Ақсу қаласының спорт бөлімі

Жарысқа 40-тан астам ит қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсембиновтың мәліметінше, ақсулық асыл тұқымды ит өсірушілер «Құмай тазы» жарысын өткізу эстафетасын қабылдады.

–  Саятшылық өнері бойынша ұйымдастырылған жарыс 15 маусым күні Беловка шағын ауданында өтті. Оған тазы тұқымды 45 ит қатысты. Ересек иттер үшін жол қашықтық бір шақырымды, күшіктер үшін 500 метрді құрады, – дейді Нұрлан Дүйсембинов.

Ақсулық тазы Ханның иесі Хурмет Өмірзақ жарыстың күміс жүлдегері атанды. Бас жүлдені Майқайың ауылының ит өсірушісі Жанат Саманбетов «Шал» есімді итімен жеңіп алды.