Павлодарлық мейрамханада жиһаз өртенді

Павлодарлық мейрамханада жиһаз өртенді
Фото: облыстық ТЖД

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусымда сағат 20:32-де «Дастархан» мейрамханасында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

– Өрт сөндірушілер киім ілетін бөлменің 20 шаршы метр аумағында жиhаз бен техниканың жануын анықтады. Мейрамханада келушілер болмады, сондықтан эвакуация жүргізілмеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, – деді департаментте. 

Өрт сағат 21:08-де сөндірілді, себебі анықталуда. Оқиға орнында жеке құрамның 26 адамы және 7 техника, оның ішінде жедел құтқару жасағы, апаттар медицина орталығы және полиция департаменті жұмыс істеді.