Павлодарлық фотографтар батыл тәртіп сақшыларын суретке түсіреді

Павлодарлық фотографтар батыл тәртіп сақшыларын суретке түсіреді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Конкурсқа кәсіпқойлар мен барлық тілек білдірушілер қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, «Біздің полиция» фотобайқауы 1 сәуірден басталады. Қатысушыларға құқық қорғау органдары жұмысының жарқын сәттерін түсіру ұсынылады.

Қатысу үшін бес МП және кемінде 300 dpi сапасында JPEG форматында екі фотосуретті ұсыну қажет. Әрқайсысына қысқаша сипаттама – түсірілім атауы, орны және уақыты қоса берілуі керек.

Жұмыстарды қабылдау мерзімі –1 сәуірден 1 маусымға дейін. Фотосуреттерді  analitika@mail.kz поштасына жіберуге болады.