Павлодар облысында қазан айының ортасында күн суытады
Бұл кезде түнгі ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша «Қазгидромет» өңірлік филиалының директоры Маржан Құсайынованың айтуынша, қыркүйек айындағы ауа температурасы климаттық норма шамасында болады. Күн райының күрт суытуы әзірге күтілмейді.
– Әзірге жоғары температура сақталады. 10 қыркүйектен кейін екінші онкүндікте жаңбыр жаууы мүмкін. Алайда ауа температурасы +20…+25 градус шамасында болады, – деді Маржан Құсайынова.
Синоптиктердің болжамынша, топырақ бетінде алғашқы үсік қыркүйектің үшінші онкүндігінде байқалуы мүмкін. Облыстың солтүстік аудандарында ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді.
Ал негізгі суыту қазан айының ортасына болжанып отыр. Осы кезеңде түнгі температура -5 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.